Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон екіжақты және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесіне қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен Тәжікстан Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері  арасындағы реадмиссия мен оны іске асыру тәртібі, екі ел азаматтарының Қазақстан мен Тәжікстан аумақтарында болу тәртібі және көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді; Сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Сероджидин Аслов екі ел ведомстволары арасындағы ынтымақтастық бағдарламасын; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Насим Олимзода әлеуметтік саладағы ынтымақтастыққа ниет туралы меморандумды; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен ТР Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрі Сумангуль Тагойзода еңбек жне халықты жұмыспен қамту саласындағы ынтымақтастыққа ниет туралы меморандумды рәсімдеді.

Соңғы жаңалықтар