Қазақстан мен Тәжікстан басшылары су проблемасын шешу жолдарын талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су проблемасын шешуде Тәжікстанмен ұстанымымыз бірдей. Бұл туралы бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме жасау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су-энергетика проблемасы әр уақытта маңызды тақырып болды. Әмудария мен Сырдария өзенінің бойында 70 млн адам өмір сүріп жатыр. Аталған адамдардың өмірлері осы өзендермен байланысты. Өзара тиімді ынтымақтастық, барлық мәселелерді келіссөздер жолымен шешу - біздің барлық халықтарымыз үшін өте үлкен мәнге ие. Орталық Азияның трансшекаралық өзендерінің ресустарын барлық халықтардың игілігі үшін пайдалану өте маңызды. Бұл мәселеде Тәжікстанмен бірдей ұстанымдамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті осы ретте Тәжікстан басшысымен су проблемасын шешудің өзара тиімді жолдарын қарастыру қажеттілігін талқылағанын айтты.

«Аралды құтқару қорына айрықша рөл беріледі және ағымдағы жылы төрағалық етуші Түрікменстан тамызда форум өткізбек, бәріміз сол жерде жиналамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, келіссөздер барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша да пікір алмасылды. Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне баса мән берілді.

«Толықтай алғанда, біз Қазақстан мен Тәжікстанның халықаралық аренадағы барлық маңызды мәселелер бойынша ұстанымы ұқсас екендігін тағы да қуаттадық», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар