Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы $192,9 млн жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Махмадшариф Махмуд Хакдодпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылды 3 мамыры күні Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Махмадшариф Махмуд Хакдодпен кездесті. Кездесу барысында Нұрлан Сейтімов Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық әріптестік негізінде дамып келе жатқандығын қуана хабарлады»,-делінген таратылған хабарламада.

ТР президенті жанындағы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2017 жылдың 1 тоқсанында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 38,3 пайызға артып, $192,9 млн-ды құраған. Сондай-ақ мемлекеттер арасында мәдени-гуманитарлық байланыстар дамып келеді.

Душанбеде мамыр айында Білім күні өтеді, оның аясында қазақстандық 30-дан астам ЖОО-ның таныстырылымы өтіп, Қазақстанның университеттерінде білім алу үшін квоталарды бөлу мақсатында арнайы тестілеу шаралары ұйымдастырылады.

«Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның екіжақты және көпжақты ықпалдастығының өзекті мәселелері сөз болды. Соның ішінде Азиядағы ықпалдастық және өзара сенім шаралары жөніндегі кеңесін Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымына алмастыру, Тәжікстан тарапынан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Жарғысын ратификациялау мен өзара қызығушылық тудыратын өзге де мәселелер сөз болды»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар