Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстерінің саны арттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Тәжікстан әуе компаниялары екі елдің астаналары арасында рейстер санын арттыру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан қаласының шетел мемлекеттермен көліктік байланысын кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бүгін елордада Қазақстан мен Тәжікстан авиациялық билігінің екіжақты келіссөздері жүргізіліп, оған «Эйр Астана», «SCAT» және «Somon Air» әуе компаниялары қатысты. Келіссөздер қорытындысы бойынша, уағдаластыққа қол жеткізіліп, екі ел компаниялары Нұр-Сұлтан мен Душанбе арасында рейстер санын арттыру мүмкіндігін алды, яғни 3-тен 5 рейске дейін. Рейстердің жалпы саны аптасына 10-ға жетеді. Бұл өз кезегінде әуе компанияларына жолаушыларға қолайлы әуе сапарын ұсынуға мүмкіндік береді», - делінген ҚР Азаматтық авиация комитеті мәліметінде.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта екі ел арасында әрбір тарапқа аптасына 18 рейс орындауға рұқсат етілген. Атап айтқанда, «Алматы-Душанбе» бағдарында аптасына 6 рейс, «Нұр-Сұлтан-Душанбе» 5 рейс, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз және Душанбе, Худжанд, Курган-Тюбе, Куляб қалалары арасындағы қалған бағдарлар бойынша аптасына 7 рейс қамтылған.

Соңғы жаңалықтар