Қазақстан мен Тәжікстан арасында биыл жүк тасымалы артты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан мен Тәжікстан арасында жүк тасымалы артып келеді. Бұл туралы елордада өткен бизнес-форумда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік мәліметіне қарағанда, 2022 жылы Қазақстан мен Тәжікстан арасында теміржол арқылы жүк тасымалы 3,4 пайызға артып, 1,9 млн тоннаға жетті.

«2023 жылдың бірінші тоқсанында теміржол көлігімен транзиттік тасымал көлемі 28 пайызға (570,6 мың тонна) өсті. Сонымен қатар, осы көліктің түрімен экспорт-импорт көлемі 20 пайыз шамасында артты», - деді Динара Щеглова.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастықты нығайту мақсатында автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды дамыту қадамдарын қамтыған меморандумға қол қоюға дайын.

«2022 жылы автомобиль көлігімен жүктерді экспорт әрі импорт бойынша тасымалдау көлемі 66 пайызға артып, 289 мың тоннаны құрады (2021 жылы – 173,5 мың тонна)», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумында бірқатар құжатқа қол қойылды.

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан-Тәжістан бизнес-форумы аясында түске дейін бизнесмендер арасында 1 млрд 300 млн доллардың келісімшартына қол қойылғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар