Қазақстан мен Сингапур салықтан жалтаруды болдырмау үшін ақпарат алмасатын болады - Мәжіліс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Мәжiлiстің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сингапур Республикасының Yкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сингапур Республикасының Yкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Хаттамаға 2013 жылдың 9 сәуірінде Сингапурде қол қойылған. Құжатта салық салу мәселелері бойынша салықтық жалтаруларды болдырмау мақсатында ақпарат алмасу бөлігінде өзгерістер, сондай-ақ Келісімнің ережелерін екі мемлекеттің де орталық органдарына қолдану бөлігінде нақтылау енгізіліп отыр.Жаңа редакциядағы құжатқа сәйкес, уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары келісім ережелерін орындау үшін қажетті ақпараттар алмасатын болады.

Егер ақпаратты уағдаласушы мемлекеттің біреуі сұратқан болса, басқа уағдаласушы мемлекет сұратылған ақпаратты жинау жөнінде шаралар қолданады.

Осылайша Хаттама екі мемлекеттің салық қызметтері арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді ынталандыратын болады.

Соңғы жаңалықтар