Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы былтыр рекордтық көрсеткішке жеткен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы былтыр рекордтық 1,9 млрд АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,1 %-ке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Қазақстаннан Сингапурға экспорт 2022 жылы 67,8%-ке өсті.

«Сингапурға қазақстандық экспорттың өсуі мұнай жеткізілімдерінің 68,6%-ке немесе 761,6 млн АҚШ долларына ұлғаюы әсерінен болды. Қазақстаннан Сингапурға негізгі экспорттық тауар - мұнай, оның үлесі - 99,9%.

Сингапурдан Қазақстанға импорт 2022 жылы 0,5% -ке өсіп, 47,1 млн АҚШ. долларын құрады», - деп жазды ведомство.

Сингапурдан импорт негізінен компьютерлік өнімдерден, әртүрлі өлшеу жабдықтарынан және химиялық заттардан тұрады.


Соңғы жаңалықтар