Қазақстан мен Швейцария үйлесімді жұмыс істеуге келісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Швейцария халықаралық деңгейде күш-жігер біріктіруге келісті. Бұл туралы бүгін Ақордада Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурермен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Швейцарияның сан ғасырлық демократиясы мен көппартиялық дәстүрі ресми Берннің сыртқы саяси жолы еліміздің және бүкіл әлемнің шынайы құрметіне ие болып отыр. Швейцария Конституциясында: «Халықтың мықтылығы халықтың әл-ауқатымен өлшенеді» делінген. Осындай салмақты тұжырымның мән-мазмұны зор деп ойлаймын. Швейцариялық серіктестеріміз де Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарға жоғары баға берді»,- деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев Қазақстан көптеген сын-қатерлерді нық сеніммен еңсергендігін, қазіргі таңда тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде орныққанын баса айтты.

«Жалпы, өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша біздің елдеріміздің ұстанымдары ортақ. Мұны зор ризашылықпен атап өткім келеді. Алдағы уақытта да біз халықаралық деңгейде күш-жігерімізді біріктіріп, үйлесімді жұмыс істеуге келістік. Біздің еліміз өзінің сыртқы саяси бағыттарында сабақтастық дәстүрін берік сақтайды. Қазақстан көпвекторлы, сындарлы қағидатты ұстанып, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үдерістеріне белсене қатысады. Осы мәселелерге баса мән беріп өттім»,- деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар