Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында тікелей әуе рейсі ашылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Сейшел аралдары Республикасының Көлік министрі Энтони Дерьякуес кездесуі барысында Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы тікелей әуе рейсін ашу мәселесі талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тарихта алғаш рет меморандумға қол қойды, оған сәйкес екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан әуе кемесінің кез келген түрімен елдер арасында аптасына 7 тұрақты рейсті орындау құқығына ие болды.

Министр Энтони Дерьякуестің айтуынша, «Эйр Сейшел» ұлттық авиакомпаниясы қол қойылған құжат негізінде келесі жылдың қаңтарында Виктория - Алматы бағыты бойынша елдеріміз арасында тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр.
Тараптар екі ел арасындағы туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар