Қазақстан мен Сауд Арабиясы корольдігінің даму стратегиялары ұқсас - Е.Ыдырысов (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан-2050» және «Сауд Арабиясы-2030» даму стратегиялары біздің екіжақты экономикалық, инвестициялық және сауда қатынастарымыздың дамуына берік негіз қалайтын болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Әдел әл-Жубейрмен болған кездесудің қорытынды баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Кеше әлемдік жаңалықтарда Сауд Арабиясы жариялаған 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жарыса талқылады. Бұл - өте іргелі стратегия, біз Сауд Арабиясының экономикалық әртараптандыруға бағытталған жаңа бағдарламасын жоғары қабылдаймыз. Бұл біздің мемлекеттік дамуға қатысты біздің көзқарастарымызға сай келеді», - деді министр.

«Меніңше, «Қазақстан-2050» және «Сауд Арабиясы-2030» даму стратегиялары біздің екіжақты экономикалық, инвестициялық және сауда қатынастарымыздың дамуына берік негіз қалайтын болады», - деп атап өтті Е.Ыдырысов.
null null null

Соңғы жаңалықтар