Қазақстан мен Румыния қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмектер ұсынады - Мәжіліс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Құжаттың ережелеріне сәйкес, Қазақстан мен Румыния қылмысқа жатқызылатын кез келген істерді қарау барысында мейлінше құқықтық көмектер ұсынатын болады. Бұл ретте құқықтық көмектерге құжаттарды тапсыру, тұлғалар мен нысандардың орнын немесе сәйкестігін анықтайды. Сонымен қатар, қамаудағы тұлғаны уақытша беру, бейнеконференция арқылы өтініштер мен куәліктер алу, тінту жүргізу, алып қою мен тәркілеу шаралары да жүзеге асырыла алады.

Сонымен қатар, сұрау салушы тарап сұрау салуды саяси қылмыспен немесе қарапайым қылмыстық құқыққа сәйкес қылмыс ретінде саналмайтын әскери қылмыспен байланысты деп санайтын болса, онда ондай көмектер ұсынудан толығымен немесе ішінара бас тарта алады. Бұдан бөлек, тараптардың әрқайсысы өз егемендіктеріне нұқсан келетін болса, елінің қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке немесе сұрау салынған тараптың басқа да мүдделеріне қатер төндіретін болса оны орындаудан бас тарта алады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

Соңғы жаңалықтар