Қазақстан мен Румыния арасында инвестицияларды қорғау туралы келісім қабылданды - Парламент

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Аталмыш келісімге 2010 жылдың 2 наурызында Румыния Президенті Троян Басескудің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Астана қаласында қол қойылған. Келісім негізінен Румынияның Еуропалық одаққа енуіне байланысты румын тарапының бастамасымен жасалып отыр.

Келісім бойынша қолданыстағы заңнамада көрсетілген кепілдіктерден басқа, инвестициялық ахуалды жақсарта түсу үшін өзара инвестициялық қатынастар кезінде инвесторларды қосымша кепілдіктермен қамтамасыз ету де қарастырылған. Келісуші әр тарап өз аумағына Келісімдегі өзге тарап салған инвестицияларды мүмкіндігінше ынталандырып, сол инвестицияны өз мемлекетінің ұлттық заңнамаларына сәйкестендіріп қабылдайды.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар