Қазақстан мен Румыния 2019-2020 жылдарға арналған өзара іс-қимылдар жоспарын бекітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Румынияның астанасында Қазақстан мен Румыния Сыртқы істер министрліктері арасында тұрақты саяси консультациялары өтті. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, румын тарапын - Румыния СІМ Мемлекеттік хатшысы Дануц Некулаеску басқарды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сындарлы диалог жағдайында дипломаттар 2018 жылғы Астана мен Бухаресттің арасындағы екіжақты өлшемдегі және халықаралық аренадағы өзара әрекеттестігі қорытындыларын қарастырды.

Сұхбаттастар 2016-2018 жж. өткен жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлары түрткі болған қазақстан-румын қарым-қатынастарының жоғары серпіні мен сенімділік сипатын қанағаттанғандықпен белгіледі. Саяси және экономикалық байланыстардың жиылған екпінін қолдау маңыздылығы атап өтілді, көз жетерлік келешекке өзара әрекеттестіктің басым бағыттары анықталды.

Дәстүр бойынша тұрақты оң серпінді көрсетіп отырған сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа сөзсіз басымдылық берілді. Атап айтқанда, 2018 ж. алғашқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша өзара сауда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 45%-ке өсіп, Қазақстан үшін сауда теңгерімінің ірі оң сальдосымен 1,27 миллиард долларға жетті. Қазақстан мен Румыния іскер топтарының өзара мүддесінің маңызды көрсеткіші ретінде қазақстандық нарықта румын капиталының қатысуымен 30-дан астам кәсіпорындар жұмысының фактісі аталып өтті.

Қазақстан мен Румыния сыртқы саяси ведомстволары басшыларының орынбасарлары үкіметаралық және ведомствоаралық ынтымақтастық механизмдерінің табысты қызметін, экономика саласындағы айтарлықтай дамыған келісім-шарт-құқықтық базасының қалыптасуын белгіледі. Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттестік үшін жағдайдың одан әрі жақсаруы мақсатында, тараптар көліктік-транзиттік салада күш-жігер үйлестігін күшейтуге, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар және туризм секілді перспективалық векторлар бойынша өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша шараларды жандандыруға келісті. Осы мақсатта да жаңа салалық келісімдер жасау есебінен келісім-шарт-құқықтық қорды одан әрі кеңейтудің перспективалары талқыланды.

Халықаралық аренада өзара әрекеттестік аясындағы аймақтық және ғаламдық күн тәртібі мәселелері бойынша тараптар ұстанымдарының сәйкестігі немесе жақындығы белгіленді. Тараптар жаппай жою қаруын таратпау, лаңкестікпен күрес, бітімгершілік, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі сайлауда өзара қолдау секілді көпжақты ынтымақтастық бағытының ұстанымдарын үйлестіру мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, сұхбаттастар Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты реттеу мәселелерін қарастырып, Минск уағдаластықтарын орындау маңыздылығын атап өтті, сонымен бірге, Ауғанстанды тұрақтандыруға қолғабыс көрсету бойынша күш-жігерді үйлестіру жөнінде талқылады.

Румынияның 2019 жылдың бірінші жартысында Еуропалық Одақ Кеңесіндегі төрағалығына, еуропалық бағыттағы ҚР басымдылықтарын ілгерілетуге, сондай-ақ Орталық Азия бойынша жаңа ЕО Стратегиясын қабылдау дайындығына ерекше көңіл бөлінді.

Кеңестер барысында білім және мәдениет саласындағы байланыстарға, оның ішінде Қазақстандағы 22 мыңнан құрылған румын диаспорасының әлеуетін қолдануға көп көңіл бөлінді. Румын тарапы 2015 жылдан бастап Румынияның елордасы, сондай-ақ Клуж-Напока және Констанца қалаларында тұрақты өткізіліп отырған қазақстандық кино фестивальдерінің ұйымдастырылуына алғыс білдірді.
null 

Кеңестер қорытындысы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы және Румыния Сыртқы істер министрліктері арасындағы Іс-қимылдар жоспарына қол қойылды.

Сапар соңында Р. Василенко Румынияның «Agerpres» Мемлекеттік жаңалықтар агенттігіне сұхбат беріп, қазақстан-румын ынтымақтастығының ахуалы мен даму перспективалары туралы баяндады.

Соңғы жаңалықтар