Қазақстан мен Ресейдің соғыс кезінде жоғалған адамдарды бірлесіп іздеу жұмысы қалай жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде Отанды қорғауға аттанған көптеген қазақстандықтар елге оралмады. Араға көп жылдар салып Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміз Ресеймен бірлесіп соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен майданға аттанған адамдарды іздеп, табу жұмысын қолға алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда екі ел қалай бірлеспе және көрші елде адамдарды іздеу жұмысы қалай жүріп жатқаны туралы «Ресейдің іздеу қозғалысы» (Поискового движения России) қоғамдық қозғалысының жетекшісі Елена Цунаева айтып берді.

«Екіжақты ынтымақтастықтың негізі әріде жатыр. Қазақстанға келгенде досымыздың үйіне барған секілдіміз. Қазақстанда жоғалған адамдарды іздеу қызметі алған қойылған және ол «Ресейдің іздеу қозғалысы» (Поискового движения России) үшін де маңызды. Көптеген қазақстандықтар ортақ Отанымызды қорғау жолында мерт болды. Соғыс кезінде із-түссіз кеткендерді іздеп, еске алу мен олардың артқа қалған туыстарын табуды ұйымдастыруда Ресей мен Қазақстанға ынтымақтастық қажет-ақ», - деді Елена Цунаева.

Оның айтуынша, аталған елде 2013 жылы «Ресейдің іздеу қозғалысы» (Поискового движения России) атты қоғамдық қозғалыс құрылған. Ол бүгінде далалық және архивтік іздеу қызметі саласындағы ауқымды ұйым болып отыр.

Сондай-ақ, спикердің мәліметінше, аталған қозғалыстың Ресей бойынша 1500 бөлімшесі бар және онда әртүрлі жастағы 45 мың адам іздеу жұмысымен айналысады. Сол сияқты Ресейдің іздеу қозғалысы құрылған 8 жылдың ішінде 180 мың әскер денесін тауып қайта жерлесе, одан бөлек 25 мың хабарсыз әскердің аты-жөнін анықталған.

«Мен 13 жасымда іздеу жасағы құрамына қабылдандым. Алғашқы экспедиция 1989 жылы Кеңес Одағында өтті. Осы уақыт аралығында іздеу қызметінің жұмысы айтарлық өзгерді. Айтар болсам, Ресейде отанды қорғау кезінде қаза тапқандарды еске алу туралы арнайы заң қабылданды. Бұл жоғалған адамдарды іздеушілердің еңбегін мемлекеттік деңгейге көтерді. Біз іздеу жұмыстарын мемлекеттік билік органдарымен бірлесіп атқарамыз. Және біз адам іздеуден де басқа бағыттар бойынша жұмыс істейміз», - дейді ол.

Сонымен қатар, ресейлік қоғамдық қозғалыс жетекшісі соғыс кезіндегі хабарсыз кеткен адамдарды іздеуде Қазақстан мен Ресейдің өскелең ұрпағы жеңістің ортақ екенін ұғынуы маңызды екенін еске салды.

«Бүгінгі жиналудағы бірінші міндет - сөйлесу, қандай зерттеу жұмысы жүріп жатыр және қандай бағыт бойынша бірлесуіміз керек екенін анықтап, өзара ақпарат алмасу. Екінші міндет -жұмыс жоспарларын белгілеу. Біз қазақстандық іздеушілер және ғалымдармен бірлесіп жұмыс істейміз. Соның аясында Қазақстанда жоғалған адамдарға қатысты экспедиция ұйымдастыру жоспары да бар», - деді Е. Цунаева өз сөзінде.

Бұған дейін ҚР Қорғаныс вице-министрі Тимур Дандыбаев ІІ Дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен 7 отандасымыздың мәйіті табылғанын айтты.

Оның мәлімдеуінше, жоғалғандардың аты-жөндері анықталып, елге жеткізілген.

Одан бөлек, министр орынбасары Германиядағы концлагерьлерде қаза болған 927 отандасымыздың тізімі табылғанын және бүгінде олардың туыстарын іздестіру жұмысы жүріп жатқанын мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін елордада Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Әлемді қорғағандарды есте сақтау, ақиқатты жеткізу» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.

Шара «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестгі «Ресейдің іздеу қозғалысы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысымен бірлесіп, Президенттік гранттар қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.


Соңғы жаңалықтар