Қазақстан мен Ресейдің саяси ынтымақтастығы үлгі аларлықтай - Елбасы

None
None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Қазан федералдық университетінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси ынтымақтастықты үлгі аларлықтай екенін айтты.

«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей Федерациясының саяси ынтымақтастығы саяси, экономикалық, адами - барша салада үлгілі дәрежеде. Біздің елдер өзара тығыз байланыс орнатпаған саланың өзі жоқ», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін оның бұрынғы республикалары түрліше векторлар бойынша дамыды.

Қазақстан адами қарым-қатынастар мен байланыстарды сақтап, қолда барды жоғалтпай, келер ұрпаққа берік достық және ынтымақтастық байланыстарын қалдыруға ұмтылды.

«Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарды осылай құрып жатырмыз. Экономикалық жағынан Ресей қазіргі таңда Қазақстанның бірінші нөмірлі сыртқы сауда серіктесі болып отыр», - деді Н. Назарбаев.

«Тығыз байланыстар және менің ұсынысымның арқасында Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Ол қазір жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті былтырдың өзінде ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы сауда айналымы отыз есе ұлғайғанын тілге тиек етті.

«40 ел осы одақта бақылаушы болып, оған қосылуға ниет білдіріп отыр», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар