Қазақстан мен Ресейдің кезекті ынтымақтастық форумы Петропавлда өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастық форумы 9 қараша күні Петропавл қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ресейлік серіктестерімізбен белсенді дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Форум барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Форум тақырыбы - «Қазақстан мен Ресейдің туризмін дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістер», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, 2017 жылы 9 қарашада Қазақстан мен Ресейдің ХIV өңіраралық ынтымақтастық форумы қос президенттің қатысуымен Челябі қаласында өткен еді. Адами капиталды дамыту тақырыбына арналған форумға өңір басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, іскер топтар мен екі елдің ғылым және білім саласындағы сарапшылары мен мамандары қатысты.

Соңғы жаңалықтар