Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастары достыққа негізделген - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей достық және өзара сенімге негізделген қарым-қатынастарды жалғастыруы тиіс. Бүгін Ақордада Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен келіссөздерден кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Ресей Қазақстанның өте үлкен көршісі және стратегиялық әріптесі болып табылады. Біздің ортақ шекарамыз 7,5 мың шақырымға созылып жатыр. Қазақстанда 3 миллионға жуық этникалық орыстар тұрады. Ал Ресейде 2 миллион қазақ өмір сүруде. Біз осындай жағдайда өзіміздің қатынастарымызды қалыптасқан достық және өзара сенімді негізде жалғастыруымыз керек», - деді Н. Назарбаев.

Елбасы Еуразиялық экономикалық одақты құруға өзі бастамашы болғандығын және ЕО мен ЕАЭО арасында ынтымақтастықты дамыту керектігін жеткізді.

Сонымен қатар ҚР Президенті ЕАЭО-ның Қазақстан тәуелсіздігіне, саяси еркіндігіне еш қатысы жоқ екендігін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар