Қазақстан мен Ресейдің ақпараттық қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті, Ақорда.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың және Ресей Федерациясы Қаупсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен өткен келіссөздер барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар екі мемлекеттің БҰҰ, ЕАЭО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚТШҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың аясында өңірлік және әлемдік қауіпсіздікті күшейтуге байланысты өзара іс-қимылдарды қарастырды. Осы бағытта ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, киберқауіпсіздік мәселелері де талқыланды. Қауіпсіздік кеңестері аппараттарының және өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері осы саладағы өзектілігі күн сайын артып келе жатқан өзара ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылады.
null

Қазақстан мен Ресейдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін серіктестіктің тиімділігін арттыру жөніндегі тиісті ұсыныстар пысықталды.

Жұмыс қорытындысы бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді.

Қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы консультациялар қабылданған ынтымақтастық жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар