Қазақстан мен Ресейдегі табиғи ерекшелікті басқа елдерден таппаймыз - Путин

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейде туристердің қызығушылығын тудыратын жерлердің мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек. Бұл туралы туризм саласын дамыту тақырыбына арналған Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында РФ Президенті Владимир Путин мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан мен Ресей аумағында туристердің қызығушылығын тудыратын керемет жерлер баршылық. Осындай ғажайып жерлер тұрғанда, алыс елдерге сапарлау керек пе? Әрине, әлемде тартымды бағдарлар аз емес, яғни дүниежүзіне танылған туристік орталықтар бар. Алайда Қазақстан мен Ресей жеріндегі табиғи әралуандықты басқа елдерден таппайсыздар», - деді В. Путин.

Осы орайда ол бірегей әрі экологиялық таза демалыс орындарына адамдар көптеп тартылатынын сөз етті.

«Бұл тұрғыда көз тартатын керемет жерлер бойынша біз әлемдегі ең бай адамдармыз. Жалпы, осы бағыттағы жұмыстардың қарқынын үдете түсу керек. Бұл салада біздің әлеуетіміз жоғары», - деп түйді Владимир Путин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Петропавлдағы форум аясында  Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин құжатқа қол қойды. 

Сонымен қатар РФ басшысы келесі Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумы Омбыда өтетінін мәлім етті.

 

Соңғы жаңалықтар