Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
2022 жылғы 18 мамыр 19:46

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Үкімет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны және өңірлік өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығына тоқталды. Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин өзара қызығушылық тудыратын негізгі экономикалық салалар бойынша стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті», - делінген Үкіметтің ресми сайтында.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT