Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келіссөздер барысында ағымдағы жылы өтетін екіжақты және көпжақты іс-шаралардың күн тәртібі бойынша жан-жақты пікір алмасылды. М. Тілеуберді әріптесін БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық бірлестіктер қызметінің өзекті бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымы туралы хабардар етті.

Тараптар алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударды.

Диалог дәстүрлі түрде сындарлы және сенімді түрде өтті.


Соңғы жаңалықтар