Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бұрқасынға байланысты жабылған жол ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Қазақстан шекарасында А-298 күре жолында күшті бұрқасынға байланысты тоқтатылған көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлады ТАСС сенбі күні Саратов облыстық Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Саратов облысында Ресей мен Қазақстан шекарасында күшті бұрқасынға байланысты көлік қозғалысының жабылғандығы хабарланған болатын.Қозғалыс Қазақстан тарапы жағынан тоқтатылған.

"Саратов Мемлекеттік көлік инспекциясы жүргізушілерге 16:00- де (мәскеу уақытымен 15:00) Қазақстан мен Саратов облысы шекарасындағы - Пристаное - Ершов - Озинки федеральдық А-298, Р-228 автомобиль жолдары көліктің барлық түрі үшін ашылды»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар