Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінді

None
Фото: static.vkurse.kz
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні Алматы уақытымен 18.35-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.8. MPV магнитудасы – 4.4. Эпицентр координаттары – 49.06° с.е. 85.45° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ»,- делінген хабарламада.

Фото: static.vkurse.kz


Соңғы жаңалықтар