Қазақстан мен Ресей сарапшылары цифрлық қоғамдағы қақтығыстар генезисін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазіргі конфликтологияның векторлары» атты төртінші бүкілресейлік конфликтологиялық форумы аясында «Цифрлық қоғамдағы қақтығыстардың генезисі: пәнаралық тәсіл» атты бірлескен қазақстандық-ресейлік дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған философия ғылымдарының докторы, профессор, Оңтүстік Федералды Университетінің филология, журналистика және мәдениетаралық коммуникация институтының сөйлеу коммуникациясы және баспа бөлімінің меңгерушісі Александр Оврутский, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының атынан құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Дана Әшімханова мен Жанар Накипбекова, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бөлімінің бастығы Мадина Нұрғалиева және т.б қатысты.

Дана Әшімханова «Қазіргі масс-медиадағы конфликтологиялық дискурс» тақырыбындағы баяндамасында, егер конфликтологиялық дискурстың пайда болуы тақырыптық деңгейде болса, онда атрибутивті дискурста ол қанықтыру және бөлшектермен «өсу» кезеңінен өтеді, бұл оны бұқаралық коммуникация құралдарын тұтынушыларының көз алдында сенімін арта түседі,-деді. Сонымен қатар, оның пікірінше, дәл осы кезеңде дискурстың негізгі тоналдылығы мен бағыты бекітіліп, сыртқы және ішкі мүдделі күштер қолдана алатын ақпараттық осалдықтар көрінетінің айтып өтті.

Жанар Нақыпбекова өз баяндамасында Қазақстан этносаралық қақтығыстардың салдарының ауқымын білетіндігін, осылайша шетелдік және өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, этникааралық қақтығыстарға жедел әрі тиімді әрекет ету тетіктерін әзірлегенін атап өтті. Сондай-ақ, елімізде этносаралық түстегі қақтығыстардың алдын алу бойынша шешуші шаралар қабылдануда екенін атап өтті.

Өз кезегінде Мадина Нұрғалиева Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарды, әсіресе балаларды кибербұзушылықтан қорғау үшін заңнамалық шаралар қабылдау уақыты келді, деген сөзін еске сала кетті. Салыстыру үшін Мадина Нұрғалиева мысал ретінде киберқауіпсіздікке қарсы күрес туралы басқа елдердің заңдарын келтіріп, елімізде тиісті заңдарды тезірек қабылдау қажет екенін атап өтті.

Қорытындылай келе, спикерлер талқыланған тақырыптар бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, студенттер мен кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.


Соңғы жаңалықтар