+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 2 шілде 16:01
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Ресейдің жаңа тарихындағы бұл маңызды оқиға елді одан әрі дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асырудың, мемлекеттілікті, егемендікті және экономикалық өсімді қорғаудың берік негізін қалағанын айтты. Сондай-ақ халықтың Ресей көшбасшысына жоғары деңгейде қолдау көрсеткенін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте елімізге гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен дер кезінде шешім қабылдағаны үшін ризашылық білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT