+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Қазақстан мен Ресей «Спутник V» вакцинасын өндірумен байланысты келісімге қол қойды

2020 жылғы 4 желтоқсан 22:16
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Ресей «Спутник V» вакцинасын өндірумен байланысты келісімге қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) келісімге қол қойды. Келісім коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын тіркеп, сондай-ақ оны өндіру және тарату рәсімін жүргізу бағыттарындағы ынтымақтастық мәселелерін қамтиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Аталған құжатқа Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФТИҚ Бас директоры Кирилл Дмитриев қол қойды.

Қазақстан Республикасының реттеуші органдары қажетті рәсімдерді аяқтағаннан кейін Ресей Федерациясы технология трансферін жүргізеді және ел аумағында «Спутник V» вакцинасының кемінде 2 млн дозасын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді.

«ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен Қазақстан Республикасының аумағында «Спутник V» вакцинасын шығаратын зауыт салу туралы келісті. Бұл Келісім екіжақты қарым-қатынасқа серпін береді, сондай-ақ коронавирус инфекциясы пандемиясымен тезірек күресуге мүмкіндік туады деп сенемін», - деді А.Цой.

«РФТИҚ мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімнің арқасында халыққа адамның аденовирустық векторларының тексерілген және жақсы зерттелген платформасында құрылған тиімділігі 91% асатын коронавирусқа қарсы вакцина қолжетімді болады. Қазақстан аумағында «Спутник V» вакцинасын шығару логистикалық шығындарды азайтуға және қысқа мерзімде вакцинаны медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі ел арасында технологиялық, ғылыми және медициналық тәжірибе алмасу кеңейеді», - деді РФТИҚ Бас директоры К. Дмитриев.


Қазіргі уақытта Беларусь Республикасында, БАӘ, Венесуэлада және бірқатар басқа елде «Спутник V» вакцинасының III клиникалық зерттеу фазасы, сондай-ақ Үндістанда II-III фаза мақұлданды және жүргізілуде. 50-ден астам елден 1,2 млрд астам доза сатып алу туралы өтінім түскен. Шетелдік нарыққа арналған вакцинаны РФТИҚ халықаралық серіктестері Үндістан, Бразилия, Қытай, Оңтүстік Корея және тағы төрт ел шығаратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада Н. Ф. Гамалеи атындағы ЭМҰҒО мен РФТИҚ рандомизацияланған плацебо-бақыланатын клиникалық тіркеуден кейінгі коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы 40 000 еріктінің қатысуымен зерттеудің III кезеңінің екінші аралық талдауының оң нәтижелерін жариялады. Зерттеудің аралық нәтижелері тағы бір рет адамның аденовирустық векторларының жақсы зерттелген платформасында құрылған әлемдегі алғашқы тіркелген коронавирусқа қарсы вакцина «Спутник V» вакцинасының жоғары тиімділігін көрсетті. Тиімділікті бағалау вакцинаның бірінші инъекциясын (екінші инъекцияны алғаннан кейінгі 7-ші күн) немесе клиникалық зерттеу хаттамасына сәйкес екінші бақылау нүктесіне жеткенде плацебо алғаннан кейінгі 28-ші күні 18 794 ерікті арасында жүзеге асырылды. Талдау қорытындысы бойынша «Спутник V» тиімділігі 91,4% құрады.

Бұған дейін ҚазАқпарат 22 желтоқсаннан бастап, «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастайтынын хабарлаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT