Қазақстан мен Ресей «МиГ-35» жойғыш ұшағын бірлесіп алға жылжытуға уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚАӨМ) Мәскеу облысы Жуковск қаласында өтіп жатқан МАКС-2017 ХІІІ халықаралық әуе-ғарыш салонының жұмысына қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚАӨМ «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ және «МиГ Ресей ұшақ құрастыру корпорациясы» АҚ «МиГ» маркалы ұшақтардың жекелеген тораптары мен агрегаттарының өндірісін Қазақстанда шоғырландыру жөнінде уағдаласты.

«Бүгінннің өзінде «МиГ Ресей ұшақ құрастыру корпорациясы» АҚ-ға және тек оған ғана емес атаулардың 40-қа жуық түрін жеткізіп отырмыз. Бұл «Ресей тікұшақтары», соның ішінде Ресейдің 26 авиациялық кәсіпорны бар. Олар үшін Қазақстаннан, Көкшетаудан жеткізуші болып табыламыз», - деді «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Вадим Шақшақбаев.

Аталмыш келісім Қазақстан мен Ресей арасындағы өзаратиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге, қазақстандық авиациялық индустрияны одан әрі дамытуға бағытталған. Құжатта «МиГ-35» көпфункциялы жойғыш ұшағын бірлесе одан әрі жылжыту және Қазақстанда «МиГ Ресей ұшақ құрастыру корпорациясы» АҚ-да шығарылған ұшақтарға қызмет көрсету бойынша толыққанды сервистік орталық құру қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар