Қазақстан мен Ресей бірлесіп, зымыран шығаруды жоспарлап отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей орта деңгейдегі зымырандарды бірлесіп, дайындауды қолға алмақ, деп хабарлайды ТАСС РФ вице-премьері Дмитрий Рогозинге сілтеме жасап.

Рогозиннің хабарлауынша, ғарыш саласын дамыту мәселесіне арналған мәжіліс қорытындысы бойынша, арнайы жоспар мақұлданып, Байқоңырды одан әрі де Ресей мен Қазақстанның мүддесі үшін пайдалану жөніндегі бұл жоспар жақын күндерде Қазақстанда талқыланбақ.

«Бәйтерек» жобасының аясында Қазақстанның қаржылай қатысуымен ұшыру құрылғысын қайта жөндеуден өткізу жөнінде жоба дайындау қажет болып отыр. Біз қазір нарықтағы өз үлесімізді жоғалтып алмау үшін коммерциялық қызмет нарығында АҚШ-тың соңғы үлгідегі құралдарымен бәсекеге түсе алатын орта деңгейдегі зымыранды дайындауды жеделдетіп қолға алуды жоспарлап отырмыз»,-деп түсіндірді ол.

РФ үкіметі төрағасы орынбасарының сөзінше, ол 17 тонна салмақ көтеретін болады. Бұған қоса, «Байқоңырда» дайындалған «Зенит» зымыраны үшін ұшу құрылғысын пайдалану жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар