+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Қазақстан мен Ресей бірлесіп жаңа ұшақ шығармақ

2021 жылғы 22 шілде 09:13
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Ресей бірлесіп жаңа ұшақ шығармақ

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Ресей «Байкал» көп мақсатты ұшақ жасау бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде өткен парламент сайлауының қорытындысы шықты Ресейде университет жанында белгісіз біреу оқ жаудырды Ресей президенті карантинге жататынын айтты

Келісімге қазақстандық авиация индустриясының бас директоры Данияр Амангильдин мен «Орал азаматтық авиация зауыты» АҚ Бас директоры Вадим Бадеха қол қойды. Іс-шара МАКС-2021 халықаралық авиациялық-ғарыш салоны алаңында өтті.

«Бұл келісімге қол қою – бірінші кезекте, Қазақстанның Ресеймен бірлесіп авиация саласын дамыту ниетін көрсететін қадам. Соңғы жылдарда республикамыз қол жеткізген технологиялық даму бізге осы жобаға өз үлесімізді қосуда белгілі бір рөлге ие болуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Д.Амангильлин.

Өз кезегінде В. Бадеха «Байкал» бұл орталық қалалардан алыс орналасқан жергілікті желілерде жұмыс істеуге арналған жаңа әмбебап аймақтық ұшақ екенін айтты.

Бұған дейін МАКС-2021 алаңында алғаш рет «Байкал» ЛМС-901 көп мақсатты жеңіл ұшағы таныстырылды. Турбобұрандалы ұшақтың крейсерлік жылдамдығы 300 км/сағ, ұшудың ең жоғары қашықтығы – 3000 км, топырақты жолақтардан ұшудың минималды қашықтығы – 220 м. Ұшақ кемінде 1500 км қашықтыққа екі тонна жүктемені жеткізуге қабілетті болады. Оның бағасы шетелдік бәсекелестерден 30-50%-ға төмен болады делінген.


Авторы: Нарымбек Исмагулов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT