Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» жобасын қаржыландыруға қатысты хаттамаға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Әскер-2018» халықаралық форум алаңында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов «Роскосмос» Ғарыштық қызметі бойынша мемлекеттік корпорацияның Бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара аясында қазақстандық және ресейлік тараптар «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін (ҒЗК) құру жөнінде Үкіметаралық  келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.

Аталған құжатқа қол қоюы қазақстандық тарапқа бұл жобаны қаржыландыру мәселесін шешуге кірісуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сонымен қатар, кездесу шеңберінде екі жақ басқа да бірлескен жобалардың іске асу барысы мен «Байқоңыр» кешеніне инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.
null

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қазақстандық делегация 2018 жылдың 21-26 тамыз аралығында РФ Мәскеу облысының Кубинка қаласында өтетін «Әскер-2018» IV Халықаралық әскери-техникалық форумының жұмысына қатысып отыр. Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары экспорттық потенциалы бар қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін ұсынуда.

Айта кетейік, «Бәйтерек» ҒЗК құру «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы қазақстандық-ресейлік негізгі бірлескен ғарыштық жоба болып табылады.

Аталған жобада қазақстандық жағы «Зенит-М» ҒЗК-нің жерүсті ғарыштық инфрақұрылымын жаңғырту үшін жауапты, ал ресейлік жағы орта тапты жаңа «Союз-5» ЗТ құру үшін жауапты.
null null 

2017 жылдың 13 маусымда «Байқоңыр» кешені бойынша ҮАК 5-ші отырысы барысында ресейлік тарап «Бәйтерек» ҒЗК құруын жылдамдатуды ұсынды: оның ұшу сынақтарын 2022 жылы бастау және басқарылатын ұшыруларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру. Қазақстандық тарап бұл ұсынысты қолдады. 

2017 жылдың 12 желтоқсанда 2017-2022 жылдарға арналған «Бәйтерек» жобасын іске асыру бойынша жол картасы және «Бәйтерек» жобасын іске асыру шарттары бекітілді.

Қазіргі таңда «Байқоңыр» кешені бойынша ҮАК 5-ші отырысында қабылданған шешімдерінің негізінде қазақстандық жағы «Байқоңыр» ғарыш айлағының 42, 43 және 45-алаңдардағы «Зенит-М» ҒЗК-нің жерүсті ғарыштық инфрақұрылымның барлық 243 объект қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар