+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қазақстан мен Ресей ат спорты федерациялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2019 жылғы 19 қазан 12:56
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Ресей ат спорты федерациялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 19-20 қазанда ат спорты халықаралық федерациясының (FEI) президенті Ингмар Де Вос Қазақстан Республикасына сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ат спорты федерациясына сілтеме жасап.

Ингмар Де Вос өңірде ат спортын дамыту мәселелерін талқылау мақсатында алғаш рет Орталық Азия елдеріне келді. Сапар барысында Де Вос мырза Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясының президенті Берік Имашевпен, Республиканың Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығымен, Ұлттық паралимпиадалық комитеттің басшылығымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Де Вос мырза еліміздің ат спорты инфрақұрылымымен танысып, Алматы мен Алматы облысының бірқатар Ат-спорттық клубтарын аралады. Сонымен қатар, Халықаралық ат спорты федерациясының президенті Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.


Сондай-ақ, FEI делегациясының құрамында Ресей ат спорты федерациясының делегациясы болды. Оны Ресей федерациясының президенті Марина Сечина бастап келді. Қазақстан мен Ресей ат спорты федерациялары арасында өңірде ат спортын дамыту және қолдау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда тұңғыш ат спорты мектебі 1956 жылы ашылды. Қазақстандық шабандоздар бірнеше рет Азия чемпионаттарының, әлем кубогы кезеңдерінің және Ат спорты бойынша ҚР аумағында және одан тыс жерлерде халықаралық турнирлердің жүлдегерлері атанды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT