Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы артуда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2021 жылдың қорытындысында Ресей-Қазақстан экономикасына құйылған инвестициялар көлемі бойынша алғашқы бес елдің қатарына кіреді. Мұндай деректі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталығының директоры Долорес Төлебекованың атап өтуінше, Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестер бола отырып, тиісті келісімдер аясында өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындауға міндетті. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт негізінде тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі.

ҚР тауар айналымындағы РФ үлесі 2021 жылы 23,9 пайызды ($24,2 млрд), ал осы жылдың 7 айында 27,9 пайызды ($20,7 млрд) құрады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы артып келе жатқанын байқауға болады. Жеткізілімдердің жолға қойылған сауда бағыттары да оң әсер етіп отыр.

Ресейлік тауарлардың импорт құрылымына сүйенсек, екі елдің сауда қатынастарының тығыз байланысы аңғарылады. Айта кетерлігі, Ресейден Қазақстанға импортталатын өнімде кәсіпкерлерге, халыққа арналған өңделген және дайын тауарлар қомақты үлеске ие.

Бұдан басқа, 2021 жылдың қорытындысында Ресей Нидерланды, АҚШ, Швейцария және ҚХР-мен қатар Қазақстан экономикасына инвестициялар көлемі бойынша алғашқы бес елдің қатарына кіреді. Ресейден Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бес жыл ішінде 58,3 пайызға - 1,2 млрд доллардан $1,9 млрд долларға дейін өсті.

Екіжақты қатынастардағы кез келген шектеу шаралары қолданыстағы келісімшарттарды іске асыру барысында Қазақстанның бизнес-ортасына теріс әсер етеді. Тұтастай алғанда, қазіргі заманғы жағдайда өңірлік байланыстар мен интеграциялық процестердің маңыздылығын түсіну қажет. Олардың аясында халықаралық тәжірибе де көрсетіп отырғандай, өзара тиімді қатынастар ұзақ мерзімді перспектива болып саналады.

Қазақстан үшін өңірлік ынтымақтастық мәселесі ерекше маңызға ие. Геосаяси жағдайларға байланысты бүгінгі күні қиындықтар туындап отыр. Бірақ Қазақстан экономикасы үшін сауданың экономикалық үлесін жете бағаламауға болмайды.


Соңғы жаңалықтар