Қазақстан мен Ресей 2016 жылдың шілдесіне дейін «Еуразия» жобасының «жол картасын» әзірлейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Табиғат министрі Сергей Донскойдың Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Владимир Школьникпен жұмыс кездесуінің қорытындылары бойынша, «Еуразия» жобасының «жол картасын» 2016 жылдың шілдесіне дейін әзірлеу келісілді, деп хабарлайды РФ табиғат министрлігінің баспасөз парақшасына сілтеме жасап investing.com порталы.

Тараптар сондай-ақ «жол картасының» жобасын сарапшылардың кеңейтілген форматтағы кездесуінің (2018 жылдың наурызы, Астана) барысында талқылауға, ал 2016 жылдың маусымына дейін құжатты бекітіп, оны іске асыра бастауға келісті.

«Еуразия» - Каспий маңы ойпатының құрлықта да, теңізде де, Қазақстан мен Ресей аумағында терең жатқан (5 шақырымнан жоғары) қабаттарын барлау халықаралық жобасы. Оның негізгі мақсаты - көмірсутектерінің жаңа ірі шоғырларын анықтау үшін аймақтың тереңдіктегі географиялық құрылысын зерттеу. Жобаның аясында тереңдігі 14 немесе 15 шақырым өте терең ұңғымаларды бұрғылаудың инновациялық технологияларын жасау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар