Қазақстан мен Польша бітімгерлерінің Ирактағы миссиясы фотокөрмеде көрсетілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы орталық мемлекеттік музейде «Ирак аспанының астында: Қазақстан және Польша бітімгерлері» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме «ҚазБат» батальонының Ирактағы бітімгерлік миссиясының аяқталуына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Келушілер назарына 30-дан аса фотосурет ұсынылды. Фотоқұжаттарда қазақстандық және польшалық сарбаздардың Ирактағы бейбітшілік үшін күресі суреттелген.

Айта кету керек, миссия кезінде 22 польша сарбазы мен бір қазақстандық офицер - Қайрат Құдабаев қайтыс болған еді. Қаза болған сарбаздардың да суреттері көрмеден орын тапты. null

2003 жылы Саддам Хусейн биліктен кеткен соң халықаралық қауымдастық Ирактағы ахуалды тұрақтандыруға тырысты. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 4 тұрақтандыру аймағы ашылды. Оңтүстік-орталық аймақты көпұлтты Орталық-оңтүстік аймағының дивизиясы бақылауға алды. Аталған дивизияны Польша әскери контингенті бақылады.null

Бұл дивизияның құрамына 23 мемлекеттің әскері кірді. Оның ішінде 2500 Польша сарбазы мен «ҚазБат» бітімгер батальоны инженерлік-саперлік отрядының сарбаздары бар еді. Бітімгерлер Иракқа 2003 жылы жіберілді. «ҚазБат» бітімгер батальоны 2000 жылы Президент Назарбаевтың Жарлығымен құрылған болатын. Қазақстандық отряд құрамында инженерлік-сапер тобы, сумен қамту тобы жұмыс жасады. Олар жарылғыш заттарды іздеп тауып, сақтауға міндеттелді.null

Кезінде бірге жүріп, бастарын қауіпке бірге тіккен қос елдің бітімгерлері Қазақстандағы музейде 10 жылда бірінші рет бас қосты. Сарбаздар, ардагер-бітімгерлер сол бір қатерлі де маңызды күндердің естеліктерімен бөлісті.

nullДәл осындай фотокөрме 25 желтоқсанда Астанада өтеді. Көшпелі көрме Польшаның Гданьск қаласын барып тоқтайды.

null    null  null 

Соңғы жаңалықтар