Қазақстан мен Пәкістан Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов пен Пәкістан Ислам Республикасы қорғаныс ведомствосы делегациясының басшысы генерал-майор Мәжид Жаһангермен хаттамалық кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тараптар екі елдің әскери ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Пәкістан делегациясы Қазақстан-Пәкістан әскери комиссиясының бірлескен алтыншы отырысына қатысуға келді. Отырыста екі ел әскери ведомстволарының 2021 жылғы бірлескен жұмысының қорытындысы шығарылып, 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Мәлім етілгендей, жаңа жоспардың жобасына жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және өзара қызығушылық тудыратын әскери қызметтің басқа да салаларына қатысты шаралар енгізілген.

Қазақстанға сапар барысында Пәкістан делегациясы Алматыдағы Бітімгерлерді даярлау орталығына барады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар