ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда айналымы 28% өсті

2022 жылғы 29 қыркүйек, 19:10
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда айналымы 28% өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Пәкістан Ислам Республикасының коммерция министрі Саид Навид Камармен келіссөз жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу онлайн режимде өтті, қатысушылар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық, Қазақстаннан Пәкістанға газ бен көмір жеткізу, банк секторы саласындағы өзара іс-қимыл сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ тараптар транзиттік сауда, кеден істеріндегі ынтымақтастық және әкімшілік өзара көмек туралы үкіметаралық келісімдер жобаларының қыр-сырын қарастырды.

Кездесу соңында Серік Жұманғарин Қазақстанның өзара тиімді және жемісті ынтымақтастық орнатуға және Қазақстан-Пәкістан диалогын одан әрі кеңейтуге ниетті екенін атап өтіп, сындарлы және нәтижелі диалог үшін алғысын білдірді.

2022 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің тауар айналымы $12,6 млн-ды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28,8%-ға артық ($9,8 млн).


Фото: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar