+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қазақстан мен Өзбекстанның жемқорлықпен күрес органдары Меморандумға қол қойды

2021 жылғы 17 маусым 16:05
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Өзбекстанның жемқорлықпен күрес органдары Меморандумға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары басшыларының отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлық: Шымкентте мемлекетке 1 млрд 607 млн теңге өндірілген Бұрынғы Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев төрт жылға сотталды Ташкентте «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалі өтеді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 маусымда қазақстандық делегация Ташкентте (Өзбекстан) Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары басшыларының және омбудсмендерінің 4-ші отырысына қатысты.

Орталық Азия мен Таяу Шығыстың 10 мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

М. Ахметжанов Қазақстанда қылмыстық-құқықтық салада, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және цифрландыру саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабарлады. Ол осы бағыттарда қабылданған шаралар кешені Қазақстанға Заң үстемдігінің халықаралық рейтингісінде 128 мемлекеттің ішінде 62-орынды алуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Дүниежүзілік Банктің Сыбайлас жемқорлықты бақылау индикаторы бойынша Қазақстан 2 жыл ішінде өз көрсеткіштерін 2 еседен астамға жақсартты.

Сонымен қатар, 8 жыл ішінде Қазақстан Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі (Transparency International) позициясын 133-тен 94-орынға дейін жақсартты.

Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, қылмыстық сот ісін жүргізу және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу бойынша Қазақстанның тәжірибесін оң атап өтті.

Сапар аясында М. Ахметжановтың Өзбекстан мен Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының басшыларымен екіжақты кездесулері өтті.

Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT