Қазақстан мен Өзбекстанның жемқорлыққа қарсы ведомстволары меморандум жасасты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23-24 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі директорының орынбасары Т.С. Хайдаров бастаған делегация екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары арасында меморандумға қол қою үшін Қазақстанға іс-сапармен келді.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы қысқаша айтып берді.

ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы ретінде әріптестерін келесі отырысқа қатысуға және қосылу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Осыдан кейін жұмыс деңгейінде тәжірибе алмасу бойынша сессиялар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық үшін әкімшілік жауапкершілік, мемлекеттік сатып алу жүйесі, кірістер мен мүлікті декларациялау, НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама мәселелері шетелдік әріптестердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ, делегация Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ахуал орталығында, Сарыарқа ауданы әкімдігінің сервистік орталығында және Antikor ortalygy-нда болды.

Бұл делегация мүшелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтатын қызметтерді көрсету және алу процестерімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, өзбек әріптестер Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесті.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің алаңында қылмыстық процесті автоматтандыруды қамтамасыз ететін жүйелер таныстырылды.

Тараптар өзара тиімді, оның ішінде онлайн режимде семинарлар ұйымдастыру арқылы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендіктерін білдірді.


Соңғы жаңалықтар