Қазақстан мен Өзбекстанның тұңғыш өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қараша күні Шымкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тұңғыш өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР СІМ-де өткен апталық брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"2017 жылы наурызда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарында Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге уағдаласқан еді. Алғашқы форумды екі елдің үкімет басшыларының бірінші орынбасарлары деңгейінде өткізу шешімі қабылданды", - деді Айбек Смадияров.

Қазақстан делегациясын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Өзбекстан тарапынан - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов басқарады.

"Форум «Өнеркәсіптік ынтымақтастық» тақырыбында өтеді және оның негізгі мақсаты - екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету. Соның ішінде, Қазақстан мен Өзбекстанның іскер топтары мен өңірлері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, экономиканың шикізаттық емес секторларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту, өңіраралық және трансшекаралық инвестициялар көлемін ұлғайту, өзара саудадағы кедергілерді жою және құқықтық базаны жетілдіру", - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар