Қазақстан мен Өзбекстанның Сыртқы істер министрлері кездесті

None
None
САМАРҚАНД. ҚазАқпарат - Ауғанстанның қатысуымен өткен «Үндістан - Орталық Азия» диалогы министрлердің бірінші кездесуі аясында Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Өзбекстандағы меншікті тілшісі.

ӨР сыртқы саяси ведомствосы баспасөз қызметінің дерегі бойынша, министрлер былтыр Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің Астанада, Самарқандта және Сарыағашта, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың «алаңында» өткізген кездесулері Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасына жаңа серпін бергенін атап өтті.

2018 жыоы Үкіметаралық комиссия, Іскерлік кеңесі отырыстарында, бірінші аймақаралық ынтымақтастық форумында және басқа да маңызды бірлескен іс-шараларда өткен кездесулер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берген. Сондай-ақ, ӨР СІМ-де Өзбекстан мен Қазақстанның сауда-экономика, инвестициялар, көлік-коммуникациялар салаларындағы өзара әрекеттестікті кеңейту үшін маңызды әлеуетке ие екенін атап өтті. Бұған былтыр 11 айда өзара сауда-саттық көлемінің 38%-ға артып, 2,6 млрд доллардан асқаны дәлел бола алады.

Бұдан бөлек, келіссөздерде жақын арада Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекет басшыларының Консультативтік кездесуі мен оған Қазақстан делегациясының қатысуы туралы айтылды.

Тараптар тұрақтылық пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған екіжақты және аймақтық мәселелер, туризм, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады. Министрлер Қазақстандағы Өзбекстан жылын қорытындылап, 2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылына дайындық туралы пікір алмасты.

Автор: Мирас Қуандықов

Соңғы жаңалықтар