Қазақстан мен Өзбекстанның сауда айналымы 5 млрд. долларға жетеді - Шайхов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тəуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында Өзбекстан сауда-кəсіпкерлік палатасының төрағасы Əлішер Шайхов екі елдің сауда айналымын 5 млрд. долларға жеткізу мүмкін екенін мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бизнес форумның алдында 800 млн. доллардан астам келісімшарттарға қол қойдық. Кешке дейін қол қойылған келісімшарттар құны 100 млн. долларға жетеді деп ойлаймын. Жалпы, екі елдің арасындағы сауда айналымды бес млрд. долларға жеткізу міндеті тұр", - дейді Əлішер Шайхов.

Бұл ретте, инвестиция тарту мəселесіне тоқталған ол: "Инвестиция көлемі кəсіпкерлердің өзіне байланысты. Инвестиция тарту үшін екі елдің əлеуеті жетеді", - деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан қазақ-өзбек бизнес форумының аясында құны 840  млн доллар болатын 92 келісімшартқа қол қойылды. Кешке дейін келісімшарттардың саны 100-ден асып, екі елдің кəсіпкерлері тағы 94 млн. доллардың жобасын қолға алады деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар