Қазақстан мен Өзбекстанның көне қалалары туралы фильм түсірілмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Ұлы Жібек жолымен» автошеруі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

2 апта ішінде журналистер мен блогерлер, кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстанның 8 қаласы мен Өзбекстан қалаларын автокөлікпен аралап шықты.

Саяхатшылар сапар шегу арқылы Ұлы Жібек жолының көп ғасырлық тарихы туралы баяндап, Орталық Азия аймағының бірегей орындарын тамашалады.

null 

Олар Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінде, Түркістандағы қазақ хандарының мазарында, көне шаһар Таразда болды. Сондай-ақ олар Өзбекстандағы Бұқардағы, Самарқанд, Ташкенттегі тарихи жәдігерлерді аралап тамашалады.

null 

«Біз Ұлы Жібек жолының керуен жолымен жүрдік. Орталық Азиядағы бірегей тарихи нысандарды, сәулет мұраларын тамашаладық. Біздің сапарымыз ішкі туризмді дамытуға бағытталған. Қазақстанда өзіміз біле бермейтін көрнекті орындар көп. Автомобиль туризмі де әлемде кең таралған», - деді жоба продюсері Әлібек Бегалинов.

null  

Автошеру қатысушылары Қазақстан мен Өзбекстанның көне қалалары жөнінде деректі фильм түсірілмек. Жаңа туынды биыл желтоқсанда экранға шығады.

Келесі жылы туристік топ Ұлы Жібек жолының басқа да қалаларын аралауды жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар