Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары пойыздарды жедел өткізуге уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов «Узбекистон темир йуллари» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Фазлитдин Сағдуллаевпен Сарыағаш - Келес шекаралық түйісу бекетінен өткізу мүмкіндігін арттыру, теміржол көлігі саласындағы ыңтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі келіссөздер жүргізді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзбекстандық темір жолдар мен одан ары қарайғы бағытта жүк ағынының артуынан пойыздарды өткізу қиындаған. Бұл мемлекетаралық түйісу пунктінде тәулік сайын 26 жұп жүк вагондарын (2017 жылы 17 пойыз, қазан-қараша - 21 жұп)  қабылдау және беру туралы келісімге қол жеткізілді. Жылжымалы құрамды тиімді пайдалану үшін тараптар құру жоспарын өзгерту, вагондарды өңдеуді жылдамдату және алдын ала хабарлауды қосқанда вагондар айналымын қысқартуда барлық қажетті шараларды қабылдайды.

 Жол бөлімшелерінде жедел штабтар құрылған. Тараптар теміржолмен контейнерлік тасымалдау, қазіргі жүк пойыздарын құру жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарады. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды темір жол бөлімшелері стансаларынан артылған астық пен ұн тиелген вагондардың бір бөлігін белгіленген Сарыағаш өткізу пунктінің  орнына Оазис өткізу пунктінің Габала стансасына қайта жөнелту туралы шешім қабылданды.

 Тараптар бұл ретте ҚР мен ӨР аумағымен транзиттік жүк тасымалының бәсекеге қабілетті тарифтік ставкасын қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруға келісті.

 Келіссөздер қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар