Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 12 қыркүйек күні сағат 21:07-де жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 669 км қашықтықта Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында болды.

Зілзаланың энергетикалық класы 9.1. Магнитудасы 3.7. MPV. Бағыты 41.44° с.е. 69.16° ш.б. Тереңдігі 5 км. Сезілу деңгейі 2-3 балл», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар