Қазақстан мен Өзбекстан сенаттары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің мемлекеттік сапары аясында Астанаға келген Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содик Сафоевпен кездесті.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, президенттер Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиёевтің Ақордадағы келіссөздерінің нәтижесі сапардың тарихи маңызын дәлелдеді.
null  

«Қазақстан мен Өзбекстан қатынастарының парламентаралық өлшемі тамаша серпін алатын болды. Екі елдің парламенттері сапар барысында қол жеткен уағдаластықтарды тиімді іске асыру, оның ішінде уақытылы әрі тиісті заңнамалық қолдауды қамтамасыз ету үшін бар күшін салатын болады. Одан басқа, екі елдің сенаттары арасындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Өзбекстан аймақтары арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады», - деді әңгіме барысында Қ.Тоқаев.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Парламентаралық үнқатысуды тереңдетуге бағытталған бұл құжат Парламенттердегі жоғарғы палаталардың тарапынан екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарын қолдауды көздейді.

Екі мемлекеттің Сенаттары өз құзіреттері аясында екіжақты ынтымақтастықтың келісім-құқықтық базасын кеңейтуге ықпал етеді.

Құжатта «Тараптар жаһандық сын-қатерлермен және қауіптермен тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ететін құқықтық кеңістік құру саласында өзара іс-қимыл жасайды», - деп атап өтілген.

Меморандум сапарлар алмасу, парламенттік шараларға қатысу, халықаралық парламенттік ұйымдарда өзара қолдау көрсету мен ұстанымдарды келісу сипатында жүзеге асады.
null   

 

Соңғы жаңалықтар