Қазақстан мен Өзбекстан прокурорлары бірлесіп жұмыс істемек

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Қазақстан және Өзбекстан прокурорларының шекаралық ынтымақтастық кездесуі өтті. Басқосуға елімізден Бас прокурордың бірінші орынбасары Ғизат Нұрдәулетов пен Бас көлік прокуроры және Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының прокурорлары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал, өзбекстандық делегацияны осы елдің Бас Прокурорының орынбасары Э.Т.Юлдашев бастап келді. Делегация құрамында Ташкент, Сырдария, Жизақ, Науаи облыстырының прокурорлары да болды.

Жиында тараптар заңсыз еңбекке тарту мен қылмыстық қудалау шеңберіндегі халықаралық тапсырмаларды орындау, сондай-ақ сотталған Өзбекстан Республикасы азаматтарын беру мен  шекарадағы өткізу-бақылау бекеттерінен автокөліктік айналым жасау мәселелерін талқылады. Қатысушылар шекаралық қарым-қатынас пен екі ел прокуратураларының өзара әрекеттесуі, екіжақты келісімді одан әрі қарай жетілдіру ведомствоаралық ынтымақтастықтың нығайуына алып келетіндігін атап өтті.

Кезесу  соңында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы өкілдері заңсыз еңбекке тартудың алдын алу мен сотталғандарды беру және қылмыстық құқықтық саладағы халықаралық тапсырмаларды орындауға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды. 

Соңғы жаңалықтар