Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялау шартын дайындады – ҚР СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 14-19 қараша аралығында Ташкентте бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының 100-ші отырысы өтті. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14-19 қараша аралығында Ташкент қаласында бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының 100-ші отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын және аталған шартқа қосымша болып табылатын шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қол қоюға дайындады. Сонымен қатар, тараптар бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды. Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті», - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.

Мұнымен қоса, брифинг барысында Айбек Смадияров Президент сайлауында шет елдерде дауыс беру процесінің қалай өткені туралы баяндады. Оның айтуынша, 3 шет мемлекетте қазақстандықтар көп дауыс берген.


Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар