Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараға қатысты келісімшарт әзірлеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 26-30 қыркүйек күндері Алматы қаласында кезекті қазақ-өзбек демаркациялық комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Оған екі елдің үкіметтік делегациясы қатысты, деп хабарлады ӨР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесуде сарапшылық деңгейде дайындалған демаркация құжаттары бойынша келісімдерді қарастыру шарасы жалғасын тапты. Бұл құжаттар қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын орнату туралы келісімшарт жобасына қосымша тіркеледі, деп жазады podrobno.uz.

Бұл комиссияның биылғы жылғы екінші отырысы. Бірінші отырыс Алматыда 18-27 ақпан күндері өткен еді.

Қазақстандық-өзбекстандық мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі 2003 жылы, ал тікелей далалық жұмыстар 2004 жылдың сәуір айында басталды.

ҚР СІМ мәліметтері бойынша, қазақстандық тарап шекарасындағы шекаралық бағаналарды орнату бойынша далалық демаркациялық жұмыстар аяқталуға жақын. Шекара сызығы 1565 негізгі және аралық шекаралық бағаналармен белгіленген, оның 776-сын қазақстандық тарап орнатқан.

2002 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан және Өзбекстан президенттері ортақ шекара сызығын анықтауды толық аяқтау туралы келісімшартқа қол қойды. Құжат 2003 жылы 5 қыркүйекте күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар