Қазақстан мен Өзбекстан бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі.

Атап айтқанда, бекітілген құжаттардың арасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Бірлескен мәлімдемесі бар. null

Бұдан бөлек, екі ел үкіметтері арасында еңбек қызметі және еңбек-мигранттары құқықтарын қорғау келісіміне, сондай-ақ заңсыз көші-қонмен күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Белгілі болғандай, Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрліктері арасында 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына, екі ел қорғаныс министрліктері арасында әуе шабуылына қарсы қорғану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.null

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы Әскери ұшақтарды қабылдау, аэродром-техникалық қамтамасыз ету және әскери аэродромдарда әскери әуе кемелерін күзету туралы келісім бекітілді.null

Мұнымен қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.null

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері жөніндегі комитет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келді.

Өзбекстан Президентінің Фейсбуктегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары бейнеленген видео жарияланды.

Айта кетейік, Ташкент Қазақстан Президентінің сапарына қызу дайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар