Қазақстан мен Өзбекстан армиясы бірлескен оқу-жаттығу өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның әскери делегациясының ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов пен Өзбекстан Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-майор Абдусалом Азизов «Ерік дала» бірлескен арнайы тактикалық оқу-жаттығуына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаттығулар кезінде Қазақстан мен Өзбекстанның арнайы операциялық күштерінің бөлімшелері түнгі уақытта барлау және жауынгерлік операцияларды жүргізу бойынша тапсырмаларды орындады.

«Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы күштерінің арнайы операциялық күштері бөлімшелеріне жүктелген тапсырмалар сәтті орандалып, бірлескен оқу-жаттығудың бірінші кезеңінің мақсаттарына қол жеткізілді. Жаттығудың екінші кезеңі Өзбекстан Республикасының «Фориш» оқу орталығы базасында жоспарланған. Сапар барысында көптеген мәселелерді шешкенімізді атап өткім келеді. Біздің Президентіміз, Жоғарғы Бас Қолбасшымыздың қойған міндеттері аясындағы мәселелерді талқыладық. Жедел жауынгерлік даярлық пен кадрларды дайындау мәселелерін шешуде толық түсіністік пен үйлесімділікке қол жеткіздік», - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі С. Жасұзақов.

Өз кезегінде, Өзбекстан әскери ведомствосының бастығы А.Азизов әріптесіне жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, тұрақты кездесулер өткізудің екі армия арасындағы қарым-қатынасқа жоғары серпін беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар